Қазақ, парсы спортшылары жекпе-жек алдында жағаласып қалды (ВИДЕО)

Жарыс AMC Fight Nights 99 аясында өтеді.

Қазақ, парсы спортшылары жекпе-жек алдында жағаласып қалды (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Кеше қазақ спортшысы Мұратбек Қасымбай алдағы жекпе-жек алдында ирандық файтер Мохаммед Хейбатимен "бетпе-бет" рәсімін өткізді. Рәсім кезінде екі спортшы төбелесіп қала жаздады. Бұл видео FIGHT NIGHTS GLOBAL TV YouTube арнасында жарияланды, деп хабарлады paryz.kz.

"Дағыстандық парсы" деген лақап атымен танымал Мохаммед Хейбати мен Мұратбек Қасымбай 25 желтоқсанда сегізбұрышта күш сынасады. Жарыс AMC Fight Nights 99 аясында өтеді.

Ирандық және қазақ файтерлері жеңіл салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шығады. Бастапқыда "Дағыстандық парсы" Тәжікстаннан келген файтер Чоршанбе Чоршанбиевпен жекпе-жек өткізуі керек еді. Бірақ жарақатына байланысты Чоршанбе қатысудан бас тартуға мәжбүр болды.

Айта кетейік, Қасымбай соңғы жекпе-жегінде жартылай жеңіл салмақта Fight Nights Global чемпионы атағы үшін күресте ресейлік Мұхаммед Эминовтен төрешілер шешімімен жеңіліп қалған болатын.