Қалалардың ішінде ең төменгі жалақы көрсеткіші бар Шымкентте "Жаңа жылдық үстел" Қарағанды мен Павлодарға қарағанда қымбатқа жайылады...
ҚР Ұлттық банкі Жаңа жылға арналған мерекелік дастарқанның құнын 21108 теңгеге бағалады. Орташа шығындар "Galymzhan" жүйесінің веб-скринингі негізінде есептелген, деп хабарлады paryz.kz.
Ұлттық банктің жазуынша, Жаңа жылдық мерекеге арналған дастарқанның бағасы қазақстандық отбасылардағы адамдардың орташа санына (4 адам) байланысты болған.
Оның ішінде Нұр-Сұлтан тұрғындары мейрамға ең көп қаражат (23117 теңге) жұмсайды. Ал ең азы Павлодар қаласында - 19195 теңге.
"Қалалардың ішінде ең төменгі жалақы көрсеткіші бар Шымкентті ерекше атап өткен жөн. Дегенмен бұл қалада "Жаңа жылдық үстел" Қарағанды мен Павлодарға қарағанда қымбатқа жайылады", - делінген Ұлттық банк есебінде.