Заманбек Нұрқаділовтің ұлы Қайрат Нұрқаділов кімнен қорқатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында айтты, – деп хабарлайды Paryz.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Ол өзіне қасқана қастандық жасалса, кімді кінәлауы мүмкін екенін айтты.
"Әкеме тапсырма берген адам. Оны бәріміз білеміз. Мен кетсем де халық сұрайды. Назарбаевтың (несінен) қорқамын. Сол жақтан шығуы мүмкін. Айтамын. Қорқып тұрған жоқпын ол жағынан. Бәрі біледі оны. Кейбіреулер айта ала ма, айтпай ма. Мен айттым. Сол жақтан шығады", – деді ол.
Қайрат Нұрқаділов суицид жасамайтынын, қандай да бір жағдай болса, халық оған сенбеуі керек екенін жеткізді.
"Жоқ. Револьверім де жоқ. Жоқ (өз-өзімді атуым мүмкін емес – еск.). Сенбеңдер (cуицид жасайтыныма – еск.). Құдай қаласа, 30 жылдай тұруым керек. 80-нен асып, одан кейін көре жатармыз", – деді Қайрат Нұрқаділов.