Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

«Арсыз, абыройсыздардың ісі»: Жигули Дайрабаев істі болған ұлдарына қатысты мәлімдеме жасады

Бүгін Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев Facebook-тегі парақшасына істі болып жатқан ұлдарына қатысты арнайы жазба жариялады. Оның айтуынша, қазір мәселенің анық-қанығына көз жеткізбей жатып, өзін сырттай қаралаушылар көбейген.

«Арсыз, абыройсыздардың ісі»: Жигули Дайрабаев істі болған ұлдарына қатысты мәлімдеме жасады
фото: Halyq uni

Қазіргі уақытта көптеген блогер, журналист, саясаттанушы, әйтеуір барлық саланы білгіш маманысымақтар көбейіп кеткені байқалады. Бір мәселені толықтай жан-жақты зерделемей, шындыққа көз жеткізбей, хайп қуып, шындыққа сай келмейтін сөздерді айтып, ғаламтор желісіне жариялап, таратып, бейнетүсірілім жасап, ақшаға тапсырыс беріп, біреуге қарсы ел алдында қаралау немесе сол туралы толық емес біржақты мағлұмат беру бір трендке айналған секілді. Бұл – елдің, қоғамның болашағы үшін өкінішті жағдай! - деп кейістік танытты депутат.

Сондай-ақ ол ешкімнен жасырынбай, өзінің балаларына қатысты жауап бергенін алға тартты.

Олар – өз-өздеріне жауап бере алатын азаматтар. Жұмыстарын адал істеп, мемлекеттен көмек алып, халыққа жұмыс орнын беріп жүрген кәсіпкерлер. Олар өздерін заңнама талаптарына сай қорғауға құқылы және мемлекет алдында кәсіби іс-әрекеттерінің адалдығын дәлелдеу үшін күресетін болады.

Одан бөлек, маған да жала жауып, қаралау мақсатында, кейбір өмірге өкпелі азаматтар ішіндегі бүкіл қаралығын шығарып жатқанын естідім. Мен істемегенді істеді деп, сөйлемегенді сөйледі деп жалған өсек таратушыларға тек жаным ашиды. Оларға тек жанымыз ашу керек, өйткені жала жабу, біреуді артынан жамандау – өте ауыр күнә және арсыз, абыройсыздардын ісі!» - деді Жигули Дайрабаев.

Айтуынша, ол Рамазан айында ораза ұстап, «тақуалыққа, дінді терең зерттеуге бет бұрып», біраз сұрақтарға жауап бере алмаған көрінеді. Соны жұрттың «әлсіздік немесе кінәсі бар шығар деп ойлап қалғанына» ренжіп қалыпты депутат. Алла мен адам алдында арының таза екенін жеткізу мақсатында әрі барлық сұраққа жауап ретінде арнайы осы постты жазайын деп шешкен екен.