08.09.2020, 18:13

Қазақстандықтардың 6,3 пайызы ғана зейнетақы жинағының бір бөлігін ала алады

сурет lada.kz сайтынан

БЖЗҚ салымшыларының 6,3 пайызы немесе 720 мың адам ғана зейнетақы жинағын үй алуға, емделуге немесе қаржы компанияларының басқаруына бере алады, деп жазады Tengrinews.kz 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2020 жылғы 1 тамыздағы деректер бойынша БЖЗҚ-да 11,5 миллион салымшы бар. 136,1 салымшының жинағы жоқ (жеке зейнет есебі нөлге тең). 

«2021 жылы зейнетақы жинағындағы ақшаны пайдаланғысы келетін азаматтар тиісті өтінім жазу керек» делінген министрліктің жауабында.