Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Сыр өңірінде өңірлік жастар орталықтарының үйлестіру кеңесі өтті

Үйлестіру кеңесі отырысында өңірлік Жастар ресурстық орталықтары жастармен жан-жақты жұмыс жүргізілу барысын, өңірлерде жастарды мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалдастық етуге бағытталған шаралар кешені, жастармен жұмыста тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану туралы өз тәжірибелерімен бөлісті, деп хабарлайды Paryz.kz.

Сыр өңірінде өңірлік жастар орталықтарының үйлестіру кеңесі өтті

Атап айтқанда, Қарағанды облысының Жастар ресурстық орталығының директоры Аида Искакова орталық қызметкерлерінің жалақысын көтеру механизмдерінің өз тәжірибелеріне негізделген нұсқасын ұсынды.

Бүгінгі таңда жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлеріне 70% мөлшерінде ынталандырушы үстемақы қаражатының салынғанын және орталық қызметкерлері әртүрлі санаттағы жастарға қызмет көрсеткені үшін жалақыға қосымша ақы алуына басты негіздеме болып табылатындығына тоқталды. 

Сонымен қатар, жиын барысында қызметкерлердің біліктілігін арттыру және оқыту, жастар орталықтарының жұмысына сараптама, бағыт-бағдар беру, өзара жұмыс тиімділігін арттыру бойынша әр өңірдің жастар ресурстық орталықтары директорылары мен Жастар ісі жөніндегі басқарма басшылары өз ұсыныс-пікірлерін айтты.

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасыныңбөлім басшысы  Нұрлан Мыңбаев әр өңірде жұмыс жасау бағытының әртүрлі екенін айта келіп, барлық өңірдегі жұмыс бағытын, жоба, шараның өткізілу форматын біріздендіруді ұсынды.

Маңғыстау облыстық ЖРО директоры Мақаш Оралбай Жастардың жалақысын көтерудегі үстемақы мәселесіне тоқталды. Жастардың репродуктивті денсаулығы мәселесіндегі шешілмей, тасада қалып жатқан, Жастар денсаулығы орталығының жүйесіз жұмысын реттеуді ұсынды. Штаттық бірлікті стандарттау мәселесін реттеуді, Жастар ресурстық орталықтарының құрылғанына 10 жылдық мерейтойы қарсаңында республикалық жастар форумын ұйымдастырып, оған мемлекет басшысының тікелей қатысып, жастармен бүгінге дейінгі мәселелерді ашық алаңда талқыласақ деген ұсынысын жеткізді.

Жиын соңында Жастар ресурстық орталықтары арасында ұйымдастырылған үздік ақпараттық материалдар байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.