Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

БҚО-да 18 жастағы студент 15 жылға сотталып кетті

Сотталушының анасы ұлының мұндай ауыр қылмыс жасай алатынына сенбейтінін айтты.

БҚО-да 18 жастағы студент 15 жылға сотталып кетті
фото: ашық дереккөз

Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотта медициналық колледж студентіне үкім шықты. 18 жастағы студент Назар Сапарғалиев адам өлтіргені үшін 15 жылға сотталды, деп хабарлады paryz.kzМой Город басылымына сілтеме жасап.

Сәуір айында Жәнібек ауданының Қамысты ауылындағы оқиға қайғылы жағдайға ұласқан. Назар өзінің досымен бірге ауылды аралап, үлкен жастағы екі ауылдасын кездестіреді. Олар екеуінен сыра сатып әкеп беруін талап етеді. Талапты орындаудан бас тартқан соң олар балаларды ұрып-соғып, келесі жолы аяқтарыңды сындырамыз деп қорқытқан.

Назар Сапарғалиев болған оқиға туралы ересек достарына айтып, келесі күні олармен бірге төбелеске кеткен. Содан ауылдық саябақта топтық төбелес болған.

"Назар Сапарғалиев ауруханаға барар жолда қайтыс болған Қалжықовты ас үй пышағымен пышақтаған. Сотталушы өз кінәсін мойындамаған және қысқа үкім мерзімін алу үшін барлық кінәні өзіне алғанын мәлімдеді. Бірақ сот талқылауы кезінде куәгерлер Назар Сапарғалиевтің қолынан пышақ көргендерін айтқан. Сонымен қатар, төбелесте тағы екі ер адам жарақат алды, олардың жарақаттары жеңіл деп бағаланды" , - деді судья Бақыт Ермаханов.

Марқұмның зайыбы 30 млн теңге көлемінде моральдық шығынды өтеуді талап етті. Марқұмның 3 қызы болған, олардың ең кішісі - небары 8 айлық. Алайда сотталушының материалдық жағдайын ескере отырып, сот 10 млн теңге көлемінде моральдық залалды өтеуді тағайындады.

Сотталушының анасы ұлының мұндай ауыр қылмыс жасай алатынына сенбейтінін айтты.

"15 жыл - бұл тым көп, мен бұл сот шешімімен келіспеймін. Адвокатпен кеңесіп, апелляцияға жіберемін. Менің ұлым адамды өлтіруі мүмкін екеніне сенбеймін. Ол жас, өмірі енді ғана басталды, ешқашан ешкіммен сөзге келмеген, әрқашан бәріне көмектесуге дайын тұрады. Ол мұны жалғыз өзі жасай алмайды", - деді анасы Ажар Сапарғалиева.

Үкім заңды күшіне енбеген, оған шағым жасалуы мүмкін.