24.12.2020, 10:18

Газдың орнына су құйып берген (ВИДЕО)

Фото: видеодан алынған кадр

"Бұл гидросоққыға әкелуі мүмкін. Сол кезде қозғалтқышты ауыстыру керек болатын еді", - дейді автосервис иесі.

Ақтау тұрғыны 23 желтоқсанда автокөлігін техникалық тексеруге әкелген. Көлікті тексеру кезінде автоорталық механиктері газ баллонынан су тапты, деп хабарлады paryz.kz, lada.kz-ке сілтеме жасап.

"Жүргізуші келді де, көлігімнің газ жабдығында мәселе бар деді. Біз диагностика жасадық та, шарды ашып, газдың орнына резервуарға су құйылғанын анықтадық. Бұл гидросоққыға әкелуі мүмкін. Сол кезде қозғалтқышты ауыстыру керек болатын еді", - дейді автосервис иесі.

Автокөлік иесінің айтуынша, ол Басқұдық ауылы маңындағы автогаз құю станцияларының бірінде газ құйдырған.