Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Ақмола облысында балабақша тәрбиешісі баланы қорлаған (ВИДЕО)

Желі пайдаланушылар мектепке дейінгі мекемеде тексеруді талап еткеннен кейін комиссия құрылған.

Ақмола облысында балабақша тәрбиешісі баланы қорлаған (ВИДЕО)
Фото: видеодан алынған кадр

Ақмола облысы Шучинск қаласындағы "Ағажан" шағын орталығында тәрбиеші баланы қорлады. Бұл туралы блогер Әсем Мұқымова өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлады paryz.kz.

Желі қолданушылары мектепке дейінгі мекемеде тексеруді талап еткеннен кейін комиссия құрылған. Соның нәтижесінде, тәрбиеші жұмысынан қуылды.

"Жағдай "Мерей" балабақшасының филиалы "Ағажан" шағын орталығында болған. Мұғалім баланың астынан орындықты әдейі тартып алады. Бала үстелге иегін ұрады. Оның ағасы жақын жерде тұр, қорыққаннан ештеңе істей алмайды", - дейді автор.

Осы уақытта тағы бір тәрбиеші мұны көрсе де, телефонына қарап отыра берген. Екінші видеода тағы бір әйел төсекте жатқан баланы жұлқып орнынан тұрғызады.

"Сондай-ақ, тәрбиешілер кереуеттен ұйықтағысы келмейтін және жай ғана жататын балаларды орнынан жұлып алады. Содан кейін оларды іш киімдерімен, ұйқы киімдерімен 8-10 минутқа бұрышқа тұрғызып қояды. Балалар бұрыштарда тұрып тоңып кетеді", - деп жазған блогер.