Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

"Тегін кілем таратамын" деген кәсіпкерге қылмыстық іс қозғалды

Ал мыңға тарта адам уәде етілген кілемді алмайынша, кетпейміз деп шатақ шығарған.

"Тегін кілем таратамын" деген кәсіпкерге қылмыстық іс қозғалды
фото: ашық дереккөз

"Тегін кілем таратамыз" деп тұтас Шымкентті дүрліктірген кәсіпкерге қатысты алаяқтық бабымен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады paryz.kz.

Дүкен басшысы 500 кілем таратамын деп жарнама жасағанымен, іс жүзінде берерге бірде-бір кілемі болмауы мүмкін деген күдікке ілініп отыр.

КТК телеарнаның мәліметінше, Қарағандыдан келіп, Шымкентте кілем сататын дүкен ашқан кәсіпкер үш күн бойы "келушілердің барлығына тегін кілем таратамын" деп әлеуметтік желі арқылы хабарлаған. Осыдан кейін тегін дүниеге асыққан жұрт Шымкенттен ғана емес, Түркістан облысының түкпір-түкпірінен ағылған.

Келушілердің көптігін көрген дүкен ашылмақ түгілі, сатушылар полиция шақырып, басын әрең арашалап қалған. Ал мыңға тарта адам уәде етілген кілемді алмайынша, кетпейміз деп шатақ шығарған. Санитарлық талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл төлеуге міндеттелген кәсіпкер енді қылмыстық іс бойынша да жауап бермек.

Тағы оқи отырыңыз: Карантин: Шымкентте тегін кілем алып қалмақ болғандар өріп кетті  

Айта кетейік, бұған дейін акцияны ұйымдастырушылар адам мұнша көп жиналады деп ойламағандарын, соған байланысты тегін берілетін кілем бәріне бірдей жетпей қалғанын айтқан еді.