Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Әкімдіктер өңірлердегі азық-түліктің қымбаттауына жол беріп келген

Ведомство мәліметінше, "оны көтеруге объективті себептер де бар".

Әкімдіктер өңірлердегі азық-түліктің қымбаттауына жол беріп келген
фото: ашық дереккөз

Өңірлерде азық-түлік бағалары қымбаттауда. Бірақ әкімдіктер онымен күресуге асығар емес, деп хабарлады paryz.kz, Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Өңірлердің әкімдіктері тарапынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне кіретін азық-түлік өнімдері құнының өсуіне әсер ету орын алды. Мұндай жағдайда "нарықтық емес" болса да шекті бағаларды енгізу - тиімді құрал", - делінген хабарламада.

Сонымен, министрлік ақпаратына қарағанда, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен картопқа - 122 теңге/кг, пиязға - 117 теңге/кг, сәбізге - 121 теңге/кг шекті бағалар белгіленді. Сондай-ақ, әкімдік күнбағыс майы мен қантқа шекті баға белгілеу мүмкіндігін қарастыруда.

"Осылайша, қазақстандықтардың назарын сауда объектілерінің аталған азық-түлік тауарларын белгіленген лимиттерден жоғары сатуға құқығы жоқ екендігіне аударамыз", - деді ведомстводан.

Ал Сауда министрлігі атап өткендей, бұрын жекелеген тауарларға шекті бағалар Алматыда (қарақұмық жармасы, өлшелмелі – 391 теңге/кг) және Қызылорда облысында (қарақұмық жармасы, өлшелмелі – 313 теңге/кг) белгіленген болатын.

"Сауда және интеграция министрлігі бірқатар басқа өңірлерде шекті бағалардан асып кету жағдайларына қарамастан, әкімдіктер осы уақытқа дейін шекті бағаларды енгізу мүмкіндігін пайдаланбағанын атап өтті. Бұл ретте, әкімдіктермен жұмыс жүргізіліп жатыр және басқа өңірлерде шектеулер енгізуді күтуге болады. Бұдан басқа, әкімдіктерде әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру үшін өңірлік тұрақтандыру қорларының интервенциялары және "айналым схемасы" сияқты құралдар да бар. Алайда, бағаны тұрақтандыру үшін осы құралдарды тиімсіз пайдаланудың жиі сынына қарамастан, көптеген өңірлер жағдайды түзетусіз қалдырды", - деді СИМ.

Ведомство мәліметінше, "оны көтеруге объективті себептер де бар".

"Қазіргі уақытта баға өсуінің негізгі драйверлері: ҚР-да майлы тұқымдар үшін егіс алқаптарын қысқарту және өндірістің төмендеуі нәтижесінде, сондай-ақ әлемдік бағаның өсуіне және әлемдік өндірістің қысқаруына байланысты қымбаттайтын күнбағыс майы; құс тұмауының өршуіне байланысты қыркүйек айында өндірістің қысқаруы нәтижесінде маусымдық өсумен қатар айтарлықтай қымбаттаған жұмыртқа; өндірістің төмендеуі, теңге бағамының әлсіреуі және әлемдік баға белгілеулердің өсуі нәтижесінде қымбаттаған қант; жыл сайын желтоқсан айының басынан бастап маусымдық өсу байқалатын көкөністер; сиыр сүтінің маусымдық төмендеуіне және сүт бағасының маусымдық өсуіне байланысты қымбаттайтын сүт өнімдері", - деп түсіндірді Сауда және интеграция министрлігі.

Әлеуметтік маңызы бар тізімге кірмейтін бірқатар көкөністер мен жемістердің құнына келетін болсақ, бағаның өсуі бірқатар елде карантиндік шаралардың күшеюіне байланысты сауда тізбектерінің бұзылуына және осы тауарлар импортының кешеуілдеуіне байланысты.

"Импорттық көкөністер мен жемістердің өсіп келе жатқан тапшылығы ішкі нарықтағы бағаның өсуіне (соның ішінде ұқсас импорттық тауарларға) түрткі болады", - делінген хабарламада.