Бейнежазба авторы осындай әрекетке барған оқушыларды заң алдында жауапкершілікке тарту керектігін меңзеген.
Мұғалімнің кластан шық деген сөзіне ашуланған 11-сынып оқушысы ұстаздың өзін итеріп шығарып жіберген. Бұны көрген басқа оқушылар қарқылдап күлген... Осындай оқушыларды заңға тартқан дұрыс деп ойлаймын, - делінген жазбада.
Өзге желі қолданушылар да оқушыны міндетті түрде тауып, жауапкершілікке тарту керектігін айтып жатыр. Алайда бұл оқиғаның нақты қай жерде болғаны атап көрсетілмеген.