Жүк көлігінде ауызашар жасаған тұрғындар жұрттың талқысына түсті (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде жүк көлігінің жүк салғышында ауызашар жасаған тұрғындардың видеосы тарады, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі nur.kz-ке сілтеме жасап. 

Жүк көлігінде ауызашар жасаған тұрғындар жұрттың талқысына түсті (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Бұл туралы видео Instagram желісіндегі dudaray тобында жарияланды. Кадрдан көпқабатты үйдің тұрғындарының жүк көлігінде ауызашар жасағанын байқауға болады. Роликте олардың бұндай қадамға жаңбыр жауып кетеді деп ойлағандықтан барғанын аңғару қиын емес.

"Фураның ішінде ерекше ауышашар берді", - делінген видео мәтінінде.

Бұны көрген желі оқырмандары пікірлерін жарыса жазып, ниеттерінің қабыл болуын тіледі.

"Келесі ауызашарларың ұшақтың ішінде болсын", "Расында ерекше ауызашар болыпты", "Қандай керемет", "Бәрі тамаша", "Ұйымшыл орта екен", "Алла ниеттерін қабыл етсін", "Жақсы идея екен. Жел болмайды. Жаңбыр жауса да еш қорқыныш жоқ", - деді олар.

Сонымен қатар пікір білдіргендердің арасында тұрғындардың ауызашар кезінде ән айтқанына қарсы шыққандар болды.

"Ауызашарда ән айтқан дұрыс емес. Діни әңгімелер айтылуы керек", "Ауызашар емес, той болыпты ғой", "Құдалыққа ұқсап кетіпті", "Әннің орнына жарапазан айтса, керемет болар еді", - деді желі оқырмандары.