Адам сүйектері жатыр: Желіде «Мойынқұмда болған» сұмдық жайт туралы видео тарады

Әлеуметтік желіде "Мойынқұмда болған" сұмдық жайт туралы видео тарады, - деп хабарлайды Paryz.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Адам сүйектері жатыр: Желіде «Мойынқұмда болған» сұмдық жайт туралы видео тарады
Фото: видеодан скриншот

Видео TikTok-та пайда болды. Желіде тараған видеода айдалада адам сүйегіне ұқсас сүйектер жатқанын көруге болады. Видео авторының сөзінше, оқиға Жамбыл облысындағы Мойынқұм ауданында болған. 

Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында Жамбыл облысының Полиция департаменті өкілдеріне хабарластық. Ведомство өкілдері өңірде әзірге мұндай дерек тіркелмегенін айтады. 

"Мойынқұмдағы құм көп аймақты алып жатыр ғой. Тіпті бұл расымен Мойынқұмда болған оқиға екеніне сенімді емеспіз ғой. Бүкіл Мойынқұмды аралай алмаймыз. Видео авторы оқиға нақты қай жерде екенін айтса, міндетті түрде бұл деректі тексереміз", - дейді Жамбыл облыстық Полиция департаментінің өкілі.