"Әлем аруы Қазақстан – 2022" байқауының жеңімпазы атанып, кейін ұйымдастырушылар тарапымен келісе алмай, тәжді кері қайтарған Динара Тәшімбетова жұрт назарына түсті. 19 жастағы бойжеткеннің түнгі клубтағы сұмдық бейнежазбасы тарап кеткен, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Uaqyt.info-ға сілтеме жасап.
Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Видеода Динара Тәшімбетованың белгісіз еркектермен көңіл көтеріп отырғанын байқайсыз. Тіпті мойындарына асылып, шалқалай ирелеңдеп жүр. Желіде оның ішімдікке удай мас екені айтылады.
Динара Тәшімбетова былтыр "Қазақстан аруы" байқауына қатысып "Әлем аруы Қазақстан – 2022" титулын жеңіп алды. Бірақ көп ұзамай ұйымдастырушылар бойжеткеннен тәжді кері қайтарып алған. Себеп араларындағы сөзге келісе алмаушылық.
Ал Super.ru сайтында бойжеткен жайлы тағы бір тың деректер жазылған. Яғни ол сұлулық сайысына қатыспай тұрып әйелі бар еркекпен байланыста болған көрінеді. Тіпті қыз ол ер адамды өзінің жақын құрбысынан тартып алған. Куәгерлер олардың бірге жүргенін Дубайда көріпті.
Әрине, желідегі жұрт дәл осындай өткені бар қыздың бүтін бір елдің намысын арқалайтын шараға қалай қатысқанына таңғалуда.