Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мүдделі мемлекеттік органдармен, сондай-ақ шетелдік әріптестерімен бірлесіп, азаматтарды террористік белсенділік аймақтарынан қайтару бойынша белсенді жұмысты жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.
2023 жылғы 11 наурызда Сириядан Қазақстанға бұрынғы қазақстандық содырдың қызы 7 жасар қыз қайтарылды. Оны қайтару бойынша гуманитарлық операция алты айдан астам уақыт бойы жүргізілген. ДАИШ-тың қатарына өз еркімен қосылған қазақстандық азаматтың Люлю есімді қызы Сирияда дүниеге келеді. Люлюдың жасы бірге келгенде оның анасы жарылыстан қаза табады. 2017 жылы соғыс қыза түсіп, айлық төленбеген. Ол екінші рет үйленіп, 2019 жылы Қазақстанға қашып шығады.
«Сирия мен Түркияның шекарасынан ресми емес жолмен өттік. Себебі, ол жерде соғыс болып жатты. Шекарадан өту үшін біз екі топқа бөліндік. Біздің қасымызда менің әйелімнің ағасының әйелі болды. Люлю қызымызды соған қалдырдық. Оның балалары да болатын. Біз шекарадан өткен соң, артымыздан олар өтуі керек еді. Бірақ, олар өте алмай қалды. Кейін ол амал жасап Қазақстанға кетіп, Люлюды сол жердегі бір әйелге қалдырып кетті. Ол менің қызымды неге қалдырып кетті деген сұрақ болды. Мен де өз өмірімді қатерге тігіп, олардың шекарадан өтуіне септігімді тигіздім ғой деп ойладым. Ондай өкініш болды. Жануар да баласын тастамайды. Елге келгенде ҰКҚ қызметкерлеріне қызым сонда қалып қойғанын айттым. Қолымнан келгенше олардың бақытты болуына амал жасаймын», - дейді қыздың әкесі.
Қазіргі уақытта қыз бала Астана қаласының балаларды қолдау орталығында жатыр, психологиялық жағдайы қанағаттанарлық. Медициналық тексеруден өтіп жатыр, оны бейімдеу және оңалту жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта ол туыстарының қамқоршыларына беріледі.
Айта кетейік, 2019 жылдан бастап ҰҚК террористік белсенділік аймақтарынан 518 кәмелетке толмаған бала, оның ішінде 34 жетім бала Отанына қайтарылды.