Сауд Арабиясында қар жауып жатыр

Сауд Арабиясының оңтүстік-батысындағы әл-Баха провинциясында қар жауды. Бұл туралы EuroNews хабарлады.

Сауд Арабиясында қар жауып жатыр
Фото: pixabay

Соның салдарынан көптеген жол жабылып, көліктер қар құрсауында қалды. Оқушылар қашықтан оқитын болды.

Сауд Арабиясында, әсіресе елдің солтүстік өңірінде табиғат тосын мінез көрсетіп жатыр. Бұл жерде түнде ауа температурасы 15°C-тан төмен болуы мүмкін. Ал елдің орталық және оңтүстік аймақтарында күн жылы. Бұл өңірлерде түндегі орташа температура – шамамен 20°C.

Көктемде негізінен елдің орталық бөлігі мен оңтүстік-батысы, әсіресе Асир таулары жауын-шашынды келеді, – делінген ақпаратта.

Қазір әлеуметтік желіде молынан жауған қардың бейнежазбасы тарап жатыр. Автокөліктер қар құрсауында қалған.