Нұр-Сұлтандағы топтық төбелесте екі адам оққа ұшып, бір адам жараланды

Оқ тиген екі жігіт те қайтыс болды. Олар - Қызылорда облысының 39 және 44 жастағы тумалары.

Нұр-Сұлтандағы топтық төбелесте екі адам оққа ұшып, бір адам жараланды
Фото: ашық дереккөз

Елордада топтық төбелеске қатысқан 11 адам ұсталды. Төбелесте екі адам қайтыс болып, тағы біреуі жарақат алды, деп хабарлады paryz.kz, қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

22 желтоқсан күні түн ортасында полицияға топтық төбелес туралы хабарлама келіп түскен. Тәртіп сақшылары бірден оқиға орнына барған. Төбелес салдарынан екі ер адам оққа ұшып, тағы біреуі пышақталған күйі ауруханаға жеткізілген. Оқ тиген екі жігіт те қайтыс болды. Олар - Қызылорда облысының 39 және 44 жастағы тумалары.

Сотқа дейінгі тергеу-тексеру жұмыстары басталып кетті.