Халық індеттен зардап шегіп жатқанда 3 млн долларға отшашу сатып алынған

Олардың төрттен бір бөлігі Ресейден келсе, қалғаны Қытай, Кипр және Германиядан алынған.

Халық індеттен зардап шегіп жатқанда 3 млн долларға отшашу сатып алынған
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанға алдағы жаңа жылды тойлау үшін 3 млн долларға пиротехника импортталған, деп хабарлады paryz.kz, oinet.kz-ке сілтеме жасап.

Коронавирустың күшейіп жатқанына қарамастан, Қазақстанға пиротехника импортының көлемі азайған жоқ. Әрі отшашулар бағасы өскен.

Ресми статистикаға сәйкес, биыл 10 айда республикаға жалпы сомасы шамамен 3 млн доллар болатын 2,4 млн дана отшашу мен басқа да пиротехникалық заттар әкелінді. Олардың төрттен бір бөлігі Ресейден келсе, қалғаны Қытай, Кипр және Германиядан алынған.

Былтыр осы кезеңде шетелден 1,7 миллион дана пиротехникалық өнім сатып алынған. Коронавирус адамдардың өмірін қиып жатса да, мерекелету тоқтамай тұр.