Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

«Біз аманбыз, деніміз сау»: Мұнайшылар наразылыққа шыққан халыққа үндеу жасады (ВИДЕО)

Астанада мұнайшылар наразылыққа шыққан халыққа үндеу жасады, - деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

«Біз аманбыз, деніміз сау»: Мұнайшылар наразылыққа шыққан халыққа үндеу жасады (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

"Жаңаөзен қаласының мұнайшылары әділдік іздеп, Астана қаласына келген болатынбыз. Кеше әлеуметтік желіде көріп отырған жағдайларға байланысты: біз аманбыз, деніміз сау. Ауылға қайтамыз. Алла қаласа біз де барамыз. Еш уайымдамай, жұмыстарыңызды жалғастырсаңыздар болады. Біз аманбыз. Маңғыстау облысына, Жаңаөзен қаласына, барша мұнайшыларына алғыс білдіреміз", - дейді жұмысшылар. 

Еске салайық, бұған дейін Жаңаөзеннен барған 60-70-ке жуық адам талаптарын айтып, Энергетика министрлігі ғимаратының алдына жиналды. Бұл мәселеге қатысты Қазмұнайгаз өкілдері түсінік берді. 

Ал Үкімет отырысында елордаға келген жаңаөзендік мұнайшыларға қатысты вице-премьер Алтай Көлгінов пікір білдірді. Вице-премьердің айтуынша, бұл келіссөздер процесі де, барлығы да заң аясында шешілуге тиіс.