Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

ШҚО-да жасөспірім қызды ұрғандардың бірінің анасы білім бөліміндегі қызметінен кетті

Өскемендегі жасөспірімді соққыға жықты деп күдікке ілінген қыздардың бірінің анасы қалалық білім бөлімінен жұмыстан кетті, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

ШҚО-да жасөспірім қызды ұрғандардың бірінің анасы білім бөліміндегі қызметінен кетті
Фото: видеодан скриншот

Өскеменде жасөспірім қыздың соққыға жығылған видеосы бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірді. Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанда, оқиғаға қатысы бар деген күдікті қыздардың бірінің анасы жұмыстан шығып кеткен. YK-news.kz жазуынша, әйел Өскемен қаласының білім бөлімінде қызмет атқарған.  

Бұған дейін әлеуметтік желілерде бұзақылық жасаған күдіктілер жауапкершіліктен жалтарып кетуі мүмкін деген пікірлер көптеп жазылды, себебі олардың кейбірірінің ата-анасы «жоғары қызметтерде», соның ішінде ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте және Өскемен қалалық білім басқармасында жұмыс істейтіні айтылған еді.

Оқиғаға қатысы бар қыздардың бірінің туысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте істейді деген ақпаратты ведомство өкілдері жоққа шығарды. Ал қыздардың бірінің анасы білім басқармасында істейтіні расталды.

«Ол шынымен Өскемен қалалық білім бөлімінің қызметкері болған, бірақ өз еркімен жұмыстан босату туралы өтініш білдірді. Қызы заңсыз әрекет жасағандықтан, қазір мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға моральдық құқығы жоқ екенін ауызша түсіндірді», - деп пікір білдірді Шығыс Қазақстан облысьық білім басқармасының басшысы Инесса Чернышева.

Оның айтуынша, ол әйел көпбалалы ана және болған жағдайдан қатты шок алған.

Еске салайық, жақында Өскемен жасөспірім қыздардың өз қатарласын аяусыз соққыға жығып, мазақ еткен видеосы тараған болатын. Оқиға қазақстандықтар арасында қоғамдық резонанс туғызды.

Аталған оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.