Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Шымкенттегі жол апаты: Зардап шеккен қыздың анасы автобус паркінен өтемақы талап етуде

Шымкенттегі жантүршігерлік жол апатынан аман қылған 18 жастағы қыздың анасы журналистермен ашық сұхбаттасуға шешім қабылдады, деп хабарлайды Paryz.kz Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Шымкенттегі жол апаты: Зардап шеккен қыздың анасы автобус паркінен өтемақы талап етуде
Фото: видеодан скриншот

Мадина Сейдалиеваның айтуынша, оның қызы көп балалы отбасындағы жалғыз асыраушы болған. Жол апатына түскен қыз бірнеше жерінен жарақат алды. Ендігі ретте оның емі мен оңалуына бірнеше ай уақыт кетеді. Зардап шеккен қыздың анасы автобус паркінен барлық медициналық шығындарды жабуды және өтемақы төлеуді талап етуде.

«Менің қызым менің жалғыз асыраушым. Азық-түлік пен коммуналдық қызметтің барлық шығындары соның мойнында болды. Мен көп балалы анамын, алты балам бар. Кішкентайым 8 айлық, менде бір бүйрек жоқ, мен жұмыс істей алмаймын. Қызымның да жақын арада жұмыс істей алмайтыны анық. Бізді кім асырайды? Менің автопаркке ренішім бар, олар бұған жауап беруі керек. Менің қызым әлі қанша жыл емделуі керек. Егер бірнеше жылдан кейін осы апаттың салдары шығып жатса, оған кім жауапты болады?», - дейді зардап шеккен қыздың анасы Мәдина Сейдалиева.

Сол қайғылы күні Мадина Сейдалиеваның қызы ауызашарға бармақ болған. Ол көшенің қиылысында жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өтпек болды, дәл сол сәтте жүргізушісі жоқ автобус бағдаршамның жасыл түсін күтіп тұрған бір топты адамды қағып кетті. Ол бас миының жабық жарақатымен, мидың шайқалуымен бірден жансақтау бөліміне жатқызылды.

«Таңертең науқастың жағдайы орташа ауыр деп бағаланды. Тиісті ем тағайындалды. Қазіргі жағдайы бойынша операция жоспарланбаған», - деді Шымкент қаласының №1 клиникалық аурухана бөлімшесінің меңгерушісі Эльдар Смағұлов.

Полицейлер қылмыстық іс қозғап, Шымкент әкімдігіне автобус паркін лицензиядан айыру туралы ұсыныс жолдады .

«Сараптама тағайындалды. Автобус жүргізушісі тергеу изоляторында, біз Шымкент әкімдігіне «Shymkent bus» компаниясын Жолаушылар тасымалы лицензиясынан айыру туралы ұсыныс жібердік. Ұсынысты қарау мерзімі-бір ай», - деді Шымкент қаласы ПД тергеу бөлімінің бастығы Нұрдәулет Сүйеубеков.

Shymkent bus автобус паркінің директоры телефон арқылы сөйлеген сөзінде апаттан аман қалған қыздың отбасымен әлі байланыса алмағанын айтты. Азат Қайыпов тасымалдаушы компания қажетті қаржылық көмек көрсететініне және тіпті зардап шеккен отбасы алдындағы жауапкершілікті нотариалды куәландыруға дайын екеніне сендірді.