Алматы облысындағы бизнесменнің контрабандамен айналысқаны анықталды, деп хабарлады paryz.kz, Қаржы мониторингі комитетінің Экономикалық тергеу департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
SAT SUPER TRANS COMPANY ЖШС басшысына қатысты іс ҚР ҚК 234-бабының 1-бөлігі ("Экономикалық контрабанда") бойынша тергелгені хабарланды.
"Атап айтқанда, ШҚО, Семей қаласындағы теміржол кеден бекеті арқылы ҚХР-дан Қазақстан Республикасына теміржол контейнерлерімен әкелінген 49 миллион теңгенің резеңке кілемшелері мен балаларға арналған жұмсақ ойыншықтар тәркіленді", - делінген хабарламада.
Сот үкімі бойынша айыпталушы қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған мүлкі тәркіленіп, айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.