Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Алматы облысындағы кәсіпкер контрабандамен айналысқан

"ҚХР-дан Қазақстан Республикасына теміржол контейнерлерімен әкелінген 49 миллион теңгенің резеңке кілемшелері мен балаларға арналған жұмсақ ойыншықтар тәркіленді", - делінген хабарламада.

Алматы облысындағы кәсіпкер контрабандамен айналысқан
Фото: ашық дереккөз

Алматы облысындағы бизнесменнің контрабандамен айналысқаны анықталды, деп хабарлады paryz.kz, Қаржы мониторингі комитетінің Экономикалық тергеу департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

SAT SUPER TRANS COMPANY ЖШС басшысына қатысты іс ҚР ҚК 234-бабының 1-бөлігі ("Экономикалық контрабанда") бойынша тергелгені хабарланды.

"Атап айтқанда, ШҚО, Семей қаласындағы теміржол кеден бекеті арқылы ҚХР-дан Қазақстан Республикасына теміржол контейнерлерімен әкелінген 49 миллион теңгенің резеңке кілемшелері мен балаларға арналған жұмсақ ойыншықтар тәркіленді", - делінген хабарламада.

Сот үкімі бойынша айыпталушы қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған мүлкі тәркіленіп, айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.