Видеодан қазақ қыздарының әлгі қара нәсілді жігіттің қазақшасына таңғалып, "Сізге қазақшаны кім үйретті" деп сұрақтың астына алған сәтін көруге болады.
"Қазақпық ғой, ешкім қазақша үйреткен жоқ. Менің бабаларым қазақ. Қазақтарға ұқсамаймын ба?, бойымда қазақтың қаны бар. Қазақтарға өз тілінде сөйле деп айтамын. Ораза ұстадым. Алла сендерге қуат берсін", - дейді видеодағы қара нәсәлді жігіт.
Видеоны көрген көпшілік "Орыс тілді мәңгүрт қазақтар, тілді осы жігіттен үйренсін", "Көз тимесін", Жарайсың", деп пікір жазуда.