Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Карантин: Шымкентте тегін кілем алып қалмақ болғандар өріп кетті

Дүкенге арақашықтық сақтамаған қарақұрым халықпен қатар, полиция қызметкерлері де сау ете қалды...

Карантин: Шымкентте тегін кілем алып қалмақ болғандар өріп кетті
фото: дереккөз

Шымкентте кілем тегін таратылып, дүйім жұрт бірін-бірі таптап кете жаздады, деп хабарлады paryz.kz

Otyrar.kz-тің хабарлауынша, Шымкенттегі дүкендердің бірі жақында кілемді тегін таратып, акциясын өткізетінін жариялаған. Сол сәтте барлығы 500 кілемді тарату жоспарланған екен. Оны естіген жұрт таң атпай дүкенге қарай бас қояды. Бірақ оның барлығына тегін кілем жетпеген.

"Біз сонша адам болатынын білмедік. Мұндай болады деп күткен жоқпыз. Иә, кілем таратамыз деп жоспарладық, бірақ ол санитарлық нормаларды бұзуға әкеліп соғады деп ойламадық", - дейді дүкен өкілі.

Сол себепті, олардың акцияны жедел аяқтауына тура келген. Ал дүкенге арақашықтық сақтамаған қарақұрым халықпен қатар, полиция қызметкерлері де сау ете қалды. Өйткені адамның шектен тыс көптігі салдарынан, сол кілем дүкені ғана емес, жақын маңдағы дүкендер де жабылған.