Прямая трансляция

Астана

Астана

6°C

Қарағандыда салмағы 6 келіден астам алып бала дүниеге келді

Облыстық клиникалық аурухананың №1 перинаталдық орталығында салмағы 6200 грамм сәби дүниеге келді. Алып бала ата-анасына да, дәрігерлер үшін де тосын сый болды.

Қарағандыда салмағы 6 келіден астам алып бала дүниеге келді
Фото: inform. kz

Әйел перзентханаға толғағы қарқындай түскенде жеткізілген. Дәрігерлер сәбидің салмақты болатынын алдын ала пайымдаған. Себебі, отбасында бұған дейін туған баланың салмағы 4600 грамм болатын. Алайда, жас босанған ананың үшінші сәбиі аға-апаларынан да ірі – 6 200 грамм.

«Босану асқынусыз болған жоқ, бірақ бригада шұғыл жұмыс істеді. Нәтижесінде, ана мен бала үшін барлығы сәтті аяқталды, дәрігерлер екеуінің де жағдайын қанағаттанарлық деп бағалайды», - деп мәлімдеді облыстық клиникалық аурухана басшылығы.

 

Айта кетсек, жыл басынан бастап №1 перинаталдық орталықта салмағы 4 келіден асқан 174 нәресте, сонымен қатар 5 кг болған 9 алып сәби дүниеге келді.

Дәрігерлер барлық жүкті әйелдерге өзінің және баланың салмағын бақылап, айтылған ұсыныстарды орындау керектігін, қажет болған жағдайда диета ұстау керектігін ескертеді. Өйткені, ауыр салмақты сәбиді босану – нәресте мен ана үшін қосымша қауіп.