Ермекбаев әскердегі әлімжеттікті жоққа шығармады

"Ерлер ұжымы арасында мұндай нәрсе бола береді. Бірақ, қызметі жоғарылардың өздерінен төмендегілерге айтқанын орындату дедовщина емес", – деді ол.

Ермекбаев әскердегі әлімжеттікті жоққа шығармады
Фото: ашық дереккөз

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әскерде әлімжеттік жоқ екенін айтты, деп хабарлады paryz.kz.

Министрдің сөзінше, әскерде борышын өтеп жатқандардың арасында ешбір айырмашылық жоқ.

"Қазір әскерде Кеңес уақытындағыдай дедовщина сияқты нәрселер жоқ. Себебі, әскери парыз бір жыл ғана өтеледі. Яғни, әскерилердің арасында үлкен жас айырмашылығы жоқ. Айырмашылық – бір ғана шақыртуда. Жарғыдан тыс конфликт пен дау бар. Ерлер ұжымы арасында мұндай нәрсе бола береді. Бірақ, қызметі жоғарылардың өздерінен төмендегілерге айтқанын орындату дедовщина емес", – деді Қорғаныс министрі Ермекбаев.

Бұл жауап әлімжеттік бар дегенге саяды. Өйткені, әскерге 6 ай бұрын барғандар кейін келгендерді "айтқанын істетіп, айдағанына жүргізеді" деген сөз.