"Алматылық Хатико" келмеске кеткен иесінің қабірін күзетіп жүр (ВИДЕО)

Зират Алматы облысының Қарасай ауданындағы Шамалған станциясының жанында орналасқан.

"Алматылық Хатико" келмеске кеткен иесінің қабірін күзетіп жүр (ВИДЕО)
Фото: видеодан алынған кадр

Алматы облысында адал ит қайтыс болған иесінің қабірін күзетеді. Бұл туралы бейнежазба YouTube-тағы "Видосы Казахстан" арнасында жарияланды, деп хабарлады paryz.kz.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған видеодан иттің қабір жанында отырғанын көруге болады. Құлпытаста 60 жастағы ер адамның биыл қазан айында қайтыс болғаны жазылған. Бейнежазба авторы ит қожайыны жатқан зиратты күзететінін айтады. Зират Алматы облысының Қарасай ауданындағы Шамалған станциясының жанында орналасқан.

"Міне, мына ит өз иесін жерледі. Осында отырады, күзетеді. Мұнда ешкімді жібермейді. Қарғалар мен түрлі құстарды иесінің қабірінен қуып жібереді. Жақсы ит - нағыз дос", - дейді видео авторы.

Бейнені кім және қашан түсіргені белгісіз. Жерде қар жатқанын ескерсек, оның жақында түсірілгенін түсінуге болады.