Танымал имам, дінтанушы, теолог, психолог Нұрлан Байжігітұлы өзін әлеуметтік желінің арқасында танылғаны үшін мазақ ететіндерге қалай қарайтынын айтты. Динара Сәтжанның бағдарламасына сұхбат берген Нұрлан имам желі арқылы талай жастың пікірін өзгертуге әсер еткенін баяндады, деп жазды Paryz.kz ақпарат агенттігі nur.kz-ке сілтеме жасап.
"ТикТокер имам" деп мазақтады. Әлі күнге дейін мазақтап жүргендер бар. Ренжімеймін. Не үшін ренжиін? Онда тұрған не бар? Сол TikTok арқылы қаншама қазақтың баласы салт дәстүрге келді. ұлы дінімізге келді, қателігін түсінді. Ол туралы жазылған жазбаларым өте көп. Осындай жетістік барына қуанамын. Ол - қолдан құрастырылған дүние емес, шынайы.
"Сіздің арқаңызда түсіндім" дейтін қазақи болмыстағы адамдар бар. Осындай өзіндік жемісі бар. Қазір TikTok пен Instagram қатар жүріп жатыр. Аптасына төрт рет TikTok желісіне және төрт рет Instagram желісіне тікелей эфирге шығамын", - деді Нұрлан имам.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Нұрлан имам әлеуметтік желіге қалай келгенін айтқан болатын.