Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Блогер "майлықты жаулық қылған" қазақ әйелдеріне реніш білдірді

"Мынау енді ұят қой! Мына жерде діннен хабары бар бірде-бір мұсылман табылмады ма? Неге айтпайсыздар?" - дейді ол.

Блогер "майлықты жаулық қылған" қазақ әйелдеріне реніш білдірді
Фото: facebook.com

Әлеуметтік желіде төбелеріне майлық қойып, алақан жайып отырған әйелдер ұятқа қалды. Бұл туралы блогер Зәуре Дәулетова өзінің Facebook-тегі парақшасында сыни жазба жариялады, деп хабарлады paryz.kz.

Жалпы, бұл шымкенттік блогер қазақилық пен дін тақырыбында ұдайы пост жазып тұрады. Осы жолғы жазбасын құран оқыларда төбелеріне майлық "жабыстырып" алатын әйелдердің ерсі әрекетіне арнаған.

"Айналайын мұсылмандар, қарақтарым! Дінді ұстанбасаңыздар да, ең құрығанда, асқа, құдайы тамаққа, ауызашарға, мешітке құран оқытуға барғанда, бір орамал ала барыңыздаршы. Қазақтың келіндері, қатындары орамал тартпайтын болғалы қай заман?! Бопты, орыстанып, европаланып кетіппіз, ең құрығанда, құран оқытылғанда басқа салфетка қойылмайтынын түсінетін кішкене де болса түйсік болу керек қой. Төбеден ештеңе жаумайды құран оқытылғанда, салфеткамен төбені жабудың еш қажеті жоқ. Орамал тарту керек, құран оқығанда періштелер құран тыңдау үшін жиналады. Соларды қашырып алмау үшін әйелдің шашы жабық болғаны абзал. Онан соң, құран оқу да құлшылық. Құдайға, құранға деген құрмет болу керек қой. Және тағы, жасы келген, бала туған қатындар неге жалаңбас? Орамалын басынан тастамайтын қазақтың келіндері қайда? Дін ұстану былай тұрсын, қазақ болудан қалып барамыз ғой. Мынау енді ұят қой! Мына жерде діннен хабары бар бірде-бір мұсылман табылмады ма? Неге айтпайсыздар? Ендігіде, сөмкеге бір орамал салып алыңыздар, майлықты жаулық қылмай!", - дейді блогер Дәулетова.