Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Аюға намаз үйреткен таяқ...

Желіде Қызылжарлық сеператорлардың кешірім сұрап тұрған сиқымды видеосы тарады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Аюға намаз үйреткен таяқ...
Сурет: youtube.com/KAZ PATRIOT/liter.kz

 

Петропавлдағы бүлікшілердің кейінгі видеосын көрдім. Өкініп тұрған, кешірім сұрап тұрған адам көрсем көзім шықсын. «Туған-туыс, бала-шағамыздың амандығына алаңдаймыз. Мемлекет басшысы ретінде амандығымызға кепіл болыңыз»,- дегендей оймен аяқтайды сөзді.

«Айтқанымыз басқа еді». Бәсе «деген пәлекет басқаша құбылтты»,- деп ауыздары қисаймастан айтып тұр.
«Бәсе» каналын өзім де жақтыра қоймаймын. Бірақ, тап осы видео сол арнаға шықпаса осынша резонанс тумас еді. Сәйкесінше, біз іргеміздегі қауіпті сезбес ек.

Ел президенті мына жақтағы миллиондаған азаматтардың да ниетінен хабардар шығар... Бұларға заң үстемдігін көрсетіп, шартты түрде дегендей жазалардан аулақ болып, 180-баппен ұрып өту керек. Басқаларға сабақ болуы керек. Аюға намаз үйреткен таяқ деген бар, - деп жазды  Айсұлтан Жақыпов.