Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Ақмола облысындағы түрмеде жас жұбайлар онлайн түрде неке қидырды

Жыл басынан бері колонияда сотталғандардың 5 некесі тіркелді. Некеге тұрғандар - 22-51 шамасындағылар.

Ақмола облысындағы түрмеде жас жұбайлар онлайн түрде неке қидырды
Фото: ашық дереккөз

Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ЕЦ-166/25 мекемесінде неке қию рәсімі өтті, деп хабарлады paryz.kz, Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департаменттің мәліметінше, екі ғашықтың қарым-қатынастарын заңдастыруға темір тор да кедергі бола алмайды. Неке және отбасы туралы кодекс сотталғандарға мекеме әкімшілігіне неке қию туралы өтінішпен жүгінуге құқық береді. Ақмола облысы бойынша ҚАЖД ЕЦ-166/25 мекемесінде неке қию рәсімі өтті. Әрі бұл бірінші рет емес. Жыл басынан бері колонияда сотталғандардың 5 некесі тіркелді. Некеге тұрғандар - 22-51 шамасындағылар. Жас жұбайлар ЕЦ-166/25 орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеп жатқан Андрей мен оның сүйіктісі Аленаның некесін АХАТ қызметкері қиып, құттықтады.

"Біз бұған дейін үйленуді жоспарламадық. Алайда, Андрей екі жылға сотталды. Бірақ соған қарамастан, біз кешіктермей үйленуді шештік", - дейді қалыңдық,

Карантин жағдайы болса да, ҚАЖ мекемесінің қызметкерлері заң аясында неке қию рәсімін ұйымдастырды.

Зеренді аудандық АХАТ бөлімінің қызметкері Мендельсонның дәстүрлі маршымен және "Мен сендерді күйеу мен әйел деп жариялаймын" деген дәстүрлі сөздерімен құттықтады. Оны қалыңдық бейнежазбаға түсіріп алды.