Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

«Жаңа Қазақстанның ескі екеніне көзіміз жетті»: Арман Шораев мәлімдеме жасады

Бүгін Халықтық парламент жиынында Қазақстандағы сайлау туралы жаңа конституциялық заң қабылдау мәселесі көтерілді, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі Qamshy-ға сілтеме жасап. 

«Жаңа Қазақстанның ескі екеніне көзіміз жетті»: Арман Шораев мәлімдеме жасады
фото: almaty.tv

Егер дауыс берген халық саны 20-30%-дан аспаса сайлауды заңсыз деп тану керек. Сондай-ақ сайлаудағы дауысты қалай саналатыны емес, кім санайтыны маңызды екені және дауыс санаушылардың жартысы органнан, қалған жартысы азаматтық қоғам өкілдері болу керегі айтылды. 

"Мен сіздермен біргемін. Әділетсіздік орын алды. Жаңа Қазақстанның ескі екеніне көзіміз жетті. Бірақ мұңаймай күресімізді жалғастырамыз! Далада жатқан ел мен жер жоқ. Біз  бір қоғам болып бірігуіміз керек. Себебі әділетсіздікке көну, оны жасағаннан да ауыр күнә. Артымызда қалың халық бар. Билік бізге тосқауыл болмауы керек. Үлкен күшке, үлкен қозғалысқа айналамыз!", деді Арман Шораев. 

Бұдан бөлек Асылбек Қожахметов болса Назарбаевтың активтерін тексеріп, СҚО-дағы жер мәселесін назардан тыс қалдырмау керегін айтты. 

"Солтүстік Қазақстандағы жер мәселесін назардан тыс қалмауы керек. Жерсіз жүрген адам көп. Олигархтар жер өзіне алып алған. Сондықтан жер мәселесі туралы референдум ұйымдастыруды ұсынамын. Заң өзгермейінше сайлау әрқашан осылай өтеді. Түк өзгермейді. Мектептегі мұғалімдерді сайлау комиссиясынан алып тастау керек. Ал қаңтар ісіне қатысты Каримов айсбергтің шыңы ғана. ҰҚК жұмысына да назар аудару керек. Олар бізді аңдығанша, кешегі сепаратистермен күрессін", деді ол.