Елордада мәйіті табылған Сымбаттың әкесі президентке үндеу жасады (ВИДЕО)

"Халықтың аянышын тудырған, ызаландырған қызым Сымбаттың басына түскен қайғы мәңгілік сапарға ұласты" , - дейді марқұмның әкесі.

Елордада мәйіті табылған Сымбаттың әкесі президентке үндеу жасады (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қаласында мәйіті табылған Сымбат Құлжағарованың өлімінен кейін әкесі Боранғали Құлажағаров президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа видеоүндеу жасады. Бұл видео Instagram-дағы "Symbat_stories" парақшасында жарияланды, деп хабарлады paryz.kz.

Видеода қайтыс болған қыздың әкесі Сымбаттың психикалық ауытқуы болмағанын айтып, Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне, Бас прокуратураға, Жоғарғы сот пен Ішкі істер министрлігіне үндеу жасаған.

"Халықтың аянышын тудырған, ызаландырған қызым Сымбаттың басына түскен қайғы мәңгілік сапарға ұласты. Мен қызымның есінің дұрыстығына еш күмән келтірмеймін. Себебі, 2020 жылдың 21 қазанындағы дәрігерлік комиссияның қорытындысына өзімнің де көзім жетті. Осыған орай сіздерден тергеудің жан-жақты, объективті, әділ түрде тексерілуін сұраймын", - дейді марқұмның әкесі.