31.03.2023, 12:35

«Жылаған соң барған шығар». Сабақтағы келінін асыға күткен ене талқыға түсті

Фото: видеодан скриншот

Интернетте оқу орны алдында келінін күткен ене әрекеті қызу талқыға түсті. Тіпті әйелдің қолында кішкентай сәби бар деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Uaqyt.Info-ға сілтеме жасап. 

Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Видеодан қолына кішкентай сәбиді көтерген әйелді байқайсыз. Ол баланы тыныштандыру үшін аулада арлы-берлі теңселіп жүр.

"Келіні сабақтан шыққанын күтіп тұрған ене. Қазір келінін қызындай көретін енелер бар ма", - делінген бейнежазбаға.

Десе де бұл видеоға жазылған пікір көп. Басым бөлігі бала жылаған соң амалсыз барған ғой дегенді жазса, енді өзгелері ененің әрекетіне сүйсінген.