22.12.2020, 11:16

Маңғыстауда екі бала құдыққа құлап, жазым болды

Фото: ашық дереккөз

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Маңғыстау облысында екі бүлдіршін құдыққа құлап, қаза тапты, деп хабарлады paryz.kz.

Оқыс оқиға 21 желтоқсан күні күндіз Мұнайлы ауданының Батыр ауылдық округіндегі бір үйде болған. 6 және 11 жастағы бауырлар тереңдігі 2 метр болатын ауыз су құдығына түсіп кеткен. Сол кездегі су деңгейі 1,8 метр болды.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.