Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

ШҚО-да қыз зорлап сотталған ер адамның туыстары видеоүндеу жасады

"Неге сарапшылардың қорытындысы ескерілмейді? Қорытындыда зорлық-зомбылықтың ізі жоқ екені көрсетілген", - дейді сотталушының әкесі. 

ШҚО-да қыз зорлап сотталған ер адамның туыстары видеоүндеу жасады
фото: дереккөз

Семей тұрғынын зорлағаны үшін сотталған ер адамның туыстары әділ сотты талап етіп, видеоүндеу жасады, деп хабарлады paryz.kzYK-news.kz-ке сілтеме жасап.

"Менің өтінішімді сот пен тергеу органдары назарға алған жоқ. Мен түсінбеймін... Шынымен де елімізде адамды дәлелсіз айыптау оңай ма? Менің мақсатым сот жүйесі мен тергеу қызметін қаралау немесе оған күмән келтіру емес. Неге сарапшылардың қорытындысы ескерілмейді? Қорытындыда зорлық-зомбылықтың ізі жоқ екені көрсетілген. Менің ұлым осы жағдайдың құрбаны болды. Ол өзі зардап шеккен адамның қатарында", - дейді сотталушының әкесі Мұрат Хасенов видеоүндеуде.

ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, үкім осы жылдың көктемінде шыққан. Үкім апелляцияға жіберілгенмен, өзгеріссіз қалған.

"Семейдегі №2 соттың 29 мамырдағы үкімімен Н. Хасенов пен Е. Хасенов алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адам жасаған зорлау қылмысы үшін кінәлі деп танылып, ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы, 2-бөлігі, 1-тармағы бойынша 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Шығыс Қазақстан облыстық соты қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 28 шілдедегі қаулысымен Семей қаласы №2 сотының сотталғандарға қатысты үкімі өзгеріссіз қалды", - делінген хабарламада.