Алматы облысында иен даладағы тас жолда жалғыз жүрген бала табылды (ВИДЕО)

Ер адам баланы танығандар болса, хабарласуын сұрады.

Алматы облысында иен даладағы тас жолда жалғыз жүрген бала табылды (ВИДЕО)
Фото: видеодан алынған кадр

Жүргізуші жігіт көлігімен келе жатып, жол жиегінде тұрған баланы көріп қалaды. Бұл видео YouTube-тағы "Это Казахстан Детка" арнасында жарияланды, деп хабарлады paryz.kz.

"Жолда келе жатып, трассаның жағасынан бала тауып алам ғой. Папаң қайда? - Ана жақта. - Ана жақта ешкім жоқ қой. Қашарда ештеңе жоқ қой мынау. Кеш батып барады. Қасқыр жеп кетсе, қайтесің? Басыңды көтерші. Түріңді көрсетейік. Папаң бар болса, танитын шығар, иә? Мына баланы тауып алдым. Жалғыз өзі трассаның жағасында жүр. Ел жоқ, жұрт жоқ. Ой, сұмдық-ай! Мұндай да болады екен ғой. Мына баланы не істейін енді? Әкімдікке қарай ала кетейін бе? Не дегенмен, сені ала кетейін, иә?" - , деді көлік жүргізушісі.

Ер адам баланы танығандар болса, хабарласуын сұрады.