Прямая трансляция

Астана

Астана

-0.03°C

LRT жыры: Қытай компаниясы жобаны жалғастыруда

Елорданың әкімі Жеңіс Қасымбек бүгін астаналық кәсіпкерлермен кездесуден соң журналистерге сұхбат беріп, LRT құрылысы туралы сауалға да жауап берді, - деп хабарлайды Paryz.kz, Massaget.kz-ке сілтеме жасап. 

LRT жыры: Қытай компаниясы жобаны жалғастыруда
Сурет: Tengrinews.kz

БАҚ өкілдері әкімнен LRT құрылысын қандай мердігер жалғастырып жатқанын сұрады.

"Бұл үлкен әрі даулы жобаның бас мердігері – Қытай компаниясы. Сол мердігер ұйым аталған нысанның құрылысын әрі қарай сала беретін болды", - деді қала басшысы.

Сонымен қатар ол LRT вагондарына да бас мердігер тапсырыс беретінін жасырмады.

"Көптің назарындағы нысанның жылжымалы құрамына, яғни вагондарға да сол компания тапсырыс береді. Бас мердігер белгілі болғандықтан, нысанды өзі аяғына дейін жеткізеді", - деп сендірді Жеңіс Қасымбек.

Ол қаладағы ақылы автотұрақтардың жұмыс уақыты өзгеруі мүмкін екенін де мәлімдеді.

"Ақылы тұрақтардың жұмыс форматын қайта қарайтын боламыз. Нақты айтқанда, орындары, жұмыс істейтін уақыттары, тарифі қайтадан зерделенеді. Бүгін кәсіпкерлер ақылы тұрақтардың жұмысына байланысты жаңа ұсыныстар айтты. Соның бәрін ескеруге тырысамыз", - деді елорда әкімі.

Журналистер әкімнен тұрақ ақысының 5 пайызы ғана қала қазынасына түсетіні қаншалықты рас екенін сұрады.

"Қазір сізге нақты қашан басталғанын айта алмаймын. Бірақ бұл бірнеше жыл бұрын қабылданған шешім. Сіз айтып тұрған шарттар қайта қаралады. Әкімдіктің табыстан алатын үлесі айтарлықтай артады", - деді Астана әкімі.