Жаркентте балабақша өртенді

Өрт сөндірушілер жеткенше қызметкерлер балаларды қауіпсіз жерге шығарып үлгерді. Жалынды ауыздықтау үшін үш арнайы техника жұмылдырылды.

 

Жаркентте балабақша өртенді
фото: дереккөз

Жаркент қаласындағы жекеменшік балабақшада өрт шықты, деп хабарлады paryz.kz, Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, төтенше оқиға "Дана Бала" балабақшасында болған. Мекеме асханасының шатыры отқа оранды. Өрт 40-45 минутта тоқтатылып, ауыздықталды.

"Өрт аумағы - 90 шаршы метр. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрт сөндірушілер жеткенше қызметкерлер балаларды қауіпсіз жерге шығарып үлгерді. Жалынды ауыздықтау үшін үш арнайы техника жұмылдырылды", - деді Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомствода өрт зертханасы төтенше оқиға себебін анықтайтынын хабарлады.