Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

«Тамырын кесуге тырысты»: Теміртаудағы екі жасар баланың өліміне қатысты тың дерек шықты

Теміртауда болған екі жасар баланың өліміне қатысты тың деректер шықты. Бала пышақ жарақаттарымен үйден табылған еді. Бұл қылмысқа күдікті ретінде баланың өгей әкесі айыпталып отыр, - деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

«Тамырын кесуге тырысты»: Теміртаудағы екі жасар баланың өліміне қатысты тың дерек шықты
Фото: "Астана" телеарнасы

Баласынан айырылған ана мереке күндері Қарағандыға аспаз болып жұмыс істеуге кеткенін айтқан. Ал баламен оның жұбайы қалған. Олар үнемі байланыста болған. Өгей әкесі сәбидің мультфильм көріп, ойыншық ойнаған кездерінің суреттері мен видеоларын жіберіп отырған. Әйелдің айтуынша, сол күні не болғанын түсіне алмайды. Ерлі-зайыптының қарым-қатынасы жақсы болған. Әйелдің сөзінше, ол ешқашан өзіне де, ұлына да қол көтерген емес. 

"18 пышақ жарақаты болған. Мұның бәрі қатыгездікпен жасалған. Осы 2 күнде не болғанын білмеймін. Шошитын жағдай. Ұлымды аяусыз өлтіру үшін не болуы мүмкін екенін түсінбеймін. Ол күндіз бәрі жақсы екенін жазды. Кешке серуеннен келгендерін айтып, видео жіберді", - дейді әйел.

Күдікті Теміртаудың 24 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол екі айға қамауға алынды. Полицейлердің айтуынша, ол кінәсін мойындаған. Ал баланың анасы ер адам оқиға болған жерден қашып, тамырын кесуге тырысқанын, бірақ құқық қорғау органдарына берілгенін айтты. Күдікті бұрынғы әскери қызметші екені белгілі болды. Ол сотты болмаған, наркологияда есепте тұрмаған. Ал қаза тапқан бала бүгін жерленеді. Баланың анасы өз өмірі үшін де қорқатынын мойындады.