«3,5 мың доллар жиналады»: «Ұлттық қор – балаларға» жобасы қалай жүзеге аспақ

Бала 18 жасқа толғанша шотында шамамен 3,5 мың АҚШ доллары жиналады, деп хабарлайды Paryz.kz, Informburo.kz-ке сілтеме жасап. 

«3,5 мың доллар жиналады»:   «Ұлттық қор – балаларға» жобасы қалай жүзеге аспақ
Сурет: Aikyn.kz

Қаржы министрлігі тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп 2024 жылы "Ұлттық қор – балаларға" жобасын жүзеге асырудың негізгі тәсілдерін әзірледі. Ұлттық қордың инвестициялық табысының жартысы жыл сайын 18 жасқа дейінгі барлық жастағы балалар арасында бөлінеді.

Бала 18 жасқа толғанша оның шотында шамамен 3,5 мың АҚШ доллары жиналады.

"Бұл сома капитал нарығының құбылмалылығын ескере отырып, тарихи деректер негізінде есептелген және әлемдік экономиканың конъюнктурасына байланысты түзетілуі мүмкін", – делінген министрлік хабарламасында.

Жоба іс жүзінде қалай жүзеге асады?

  1. Шот "БЖЗҚ" АҚ-да әділет министрлігінің жеке тұлғаларының дерекқоры негізінде автоматты түрде ашылады.
  2. Қаражат жыл сайын қаңтар айында "БЖЗҚ" АҚ-дағы балалардың шотына шартты түрде "түседі". Мысалы, бала жоба басталғанда 5 жаста болса, оған жыл сайын 13 жыл ішінде, яғни кәмелетке толғанға дейін ұлттық қордың инвестициялық табысының бір бөлігі тиесілі болады.
  3. Жобаға ҚР азаматтары – балалары ғана қатысады.
  4. Егер бала 18 жасқа дейін Қазақстан азаматтығынан бас тартса, онда төлемді талап ете алмайды. Бұл қаражат басқа балалар арасында қайта бөлінеді. Ал егер азаматтығын сақтай отырып шетелге кетсе, талап қою құқығы сақталады. 
  5. Шот қаражатын салықтан босату және 18 жасқа толған балаға қаражатты АҚШ долларымен беру ұсынылып отыр. Іс жүзінде бұл қаражат бала 18 жасқа толғанша ұлттық қорда болады және қаржы құралдарына инвестиция ретінде салынады. 
  6. 18 жасқа толғанда қаражат баланың меншігіне өтеді және оны қалай пайдаланатынын өзі шешеді. Шетелдік оқудың ақшасын төлеуге де рұқсат беру ұсынылып отыр. Тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе тұрғын үй сатып алу үшін қаражатты тек Қазақстан аумағында пайдалануға рұқсат беріледі. Мұнымен қатар, сатып алған тұрғын үйді қайта сатуға шектеу қойылмайды. 
  7. Қаражатты өз мақсатында пайдалану үшін "БЖЗҚ" АҚ өзара іс-қимыл жасайтын уәкілетті операторларды ("Отбасы банк" АҚ, екінші деңгейлі банктер) анықтау ұсынылады.
  8. 18 жасқа толғанда шоттағы қаражат 5-10 жыл бойы сақталады. Бала оны пайдаланбаса, 5-10 жыл ішінде шоттағы қаражатты зейнетақы шотына аудару ұсынылады.
  9. Сондай-ақ, азаматтық заңнамаға сәйкес іс жүзінде жинақталған қаражатты мұрагерлік бойынша беру мүмкіндігі көзделеді.
  10. Бала әрекетке қабілетсіз болған жағдайда, ата-аналарға (заңды өкілдерге) ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен қаражатты пайдалануға құқық беру жоспарлануда.