Ресейлік ғарышкер Дмитрий Петелин Жер орбитасынан Қазақстан тұрғындарына сәлем жолдап, Наурыз мейрамымен құттықтады. Оның видеосы "Костанайские Новости" Telegram арнасында жарияланды, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап.
"Құрметті қазақстандықтар, әсіресе, қостанайлықтар! Жерлестер, мерекелеріңіз құтты болсын. Өздеріңізді сақтаңыздар. Мен ғарыштан Жерге қарауға мүмкіндік алдым және сіздерге мынаны айтқым келеді: бір-біріңізге ренжімей, бекер ашуланбаңыздар. Бідің планетамыз үлкен және өте әдемі. Мұндай әдемі Жерде қиындықтар болуы мүмкін емес сияқты. Бүгін үлкен және жарқын - Наурыз мерекесі. Сіздерге бақыт тілеймін, қиындықтарға жоғарыдан қараңыздар. Күннің батуы мен таңның атуын қуана қарсы алыңыздар. Әр күннен ләззат алып, қуана біліңіз. Өмір тамаша! Наурыз мейрамы құтты болсын!", - деді ғарышкер Дмитрий Петелин.