ӘЗ НАУРЫЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Бүгін PARYZ.kz шығармашылық тобы ел Астанасындағы қала тұрғындары мен қонақтарына арналған бұқаралық шараларға қатысып, бір-біріне наурыз-тілектерін жаудырған ел ықыласына бөленіп қайтты.  

PARYZ.kz өз кезегінде барша қазақстандықтарды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтайды.

Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі.

Олай болса, жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт - береке әкелсін!

Ел еңсесі биік, туған жеріміз аман болып, әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт пен береке сыйласын. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!