Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Біздегі актёрлар жыласа күлкің келеді, күлсе жылағың келеді

Қазақстандық белгілі сарапшы, экономист Сәбит Рысбаев өзінің Facebook парақшасында еліміздегі өнер адамдарының жұмысы жайлы айтты, деп хабарлайды Paryz.kz, Alashainasy.kz-ке сілтеме жасап. 

Біздегі актёрлар жыласа күлкің келеді, күлсе жылағың келеді
Сурет: Turkystan.kz

Біздегі қазақша кинода актёрлар жыласа күлкің келеді. Күлсе жылағың келеді. Амал жоқ түріктердің, кәрістердің киноларын көреміз. Олар тек киноларын ғана емес, мәдениеттерін де сатып жатыр.

Астанадағы Шабыт университетінің ректоры 25 жылдан бері ауыспапты. Қандай ғұлама 8 жылдан артық бір орынға отырғызбау керек ау. Адам берерін 8 жылда беріп тауысады. Одан артығы артық.

Осындай моменттерді заңмен бекітпесе болмайды ау. Аудандар мен облыстарда 25-30 жылдан бері бір орынға жабысып алған басшылар жетеді.