Ерке Есмахан мен "Ninety one" тобының экс-мүшесі көңіл жарастырып жүр (ВИДЕО)

Желіде қос ғашықтың Біріккен Араб Әмірлігінде бірге жүрген видеолары бірінен соң бірі жарияланып жатыр.

Ерке Есмахан мен "Ninety one" тобының экс-мүшесі көңіл жарастырып жүр (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөз

Әнші Ерке Есмаханның жеке өмірі соңғы уақытта халық арасында қызу талқыланып жатыр. Желіде өнер иесінің "Ninety One" тобының өзінен 9 жас кіші әншісімен кездесіп жүргені жайлы қауесеттер тарады, деп хабарлады paryz.kz.

Ерке Есмахан мен Азамат Зенкаев Дубай қаласында демалып жүр. Желіде қос ғашықтың Біріккен Араб Әмірлігінде бірге жүрген видеолары бірінен соң бірі жарияланып жатыр.

Instagram желісіндегі qaz.stars парақшасына жүктелген соңғы бейнежазбада Ерке мен Азаматтың концертте бірге отырғанын көруге болады. Видеоға сүйенсек, әншілер танымал әзілкеш Нұрлан Сабұровтың жеке кешіне қатысып қайтса керек.

Қос әншінің бірге жүргенін байқап қалған блогер бірден оларды ұялы телефонының камерасына жасырын түрде түсіріп алған. Бейнежазбадан Ерке Есмаханның ақсаңдап бара жатқанын көруге болады.