Жол талғамайтын көліктер кортежі алматылық жүргізушілердің ашуын келтірді

Алматыда үш жол талғамайтын көліктен құралған кортеж жүргізушілерді ашуландырды, - деп хабарлайды Paryz.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Жол талғамайтын көліктер кортежі алматылық жүргізушілердің ашуын келтірді
Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде тараған видеода жол ережесі бұзылғаны көрсетілген. Видеода шарлармен безендірілген көліктер бір қатарға тізіліп, баяу жүріп барады және сол арқылы басқа жүргізушілерге кедергі келтірген. Кортежде ақ түсті Toyota Land Cruiser, Nissan Patrol және Lexus LX 570 көліктері бар.

Полицейлердің айтуынша, олар тәртіпбұзушыларды іздеуге кіріскен.

"Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған құқықбұзушыларды, сондай-ақ заңсыз әрекеттердің мән-жайын анықтау үшін жергілікті полиция қызметінің іздестіру бөлімінің қызметкерлері тартылды, олар заңға сәйкес шаралар қабылдайды", - деді қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.