Сомнолог ұйықтар алдында сериал көру неліктен пайдалы екенін түсіндірді

Егер сіз кешті қызықты сериалдар көруді ұнататын болсаңыз, мұндай хобби ұйқыңызға пайдасын тигізуі мүмкін, деп хабарлайды Paryz.kz, Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Сомнолог ұйықтар алдында сериал көру неліктен пайдалы екенін түсіндірді
сурет: Massaget.kz

Заманауи адамдар үшін кешке демалудың ең жақсы жолы - монитордың немесе теледидар экранының алдында отырып жақсы сериал тамашалау.

Сомнолог Михаил Полуэктовтың айтуынша, сүйікті сериалды тамашалау сізді күнделікті белсенді әрекеттерден алшақтатуы мүмкін.  Қызықты сюжетті көрген кезде, адам босаңсып, ағзасы демалады. Сондықтан, ұйықтар алдында кино көру пайдалы дейді мамандар.  

"Жұмыстан кейінгі мұндай әдет жүйке жүйесін тыныштандыруға көмектеседі. Сериалдың сюжеті маңызды емес. Дегенмен, жүйке жүйесін қоздыратын, адамға теріс әсер ететін көріністері жоқ сериалдардың ғана пайдасы бар", - деп түсіндірді Полуэктов РИА Новости-ге берген сұхбатында.
Ғалымдар фантастикалық немесе ғылыми фантастика жанрдағы сериалдардың пайдасы зор екенін айтады. Оксфорд (Ұлыбритания), Орхус (Дания), Буэнос-Айрес (Аргентина) университеттерінің зерттеушілері ойдан шығарылған әлемдерге енуге миымыздың қалай әрекет ететініне қызығушылық танытқан. Зерттеу Science Advances журналында жарияланды.

Экспериментке 176 адам қатысты. Бірнеше адам әртүрлі жанрдағы фильмдерді көрген. Оның ішінде комедия, мелодрама, экшн-фильм, фэнтези болған. Ал ғалымдар осы уақыт ішінде арнайы құрылғылардың көмегімен қатысушылар миын бақылап отырған. Адам кино әлеміне енген кезде миы басқа әрекеттерге қарағанда әлдеқайда аз есептеу жасайтыны белгілі болды.

Бұған дейін де жұмыстан кейін сериал көру миымызға қалай әсер ететінін айтқан болатын.