12 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

«Қазгидромет» синоптиктері 17 наурызда еліміздің 12 өңірінде тұман, жел, шаңды дауыл және көктайғаққа байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Paryz.kz, Baq.kz-ке сілтеме жасап. 

12 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
Сурет: Хабар24

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарда тұман күтіледі. Алматы қ: 17 наурызда кей уақытта тұман күтіледі.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында күндіз 15-20 м/с сақталады.

Астанада түнде және таңертең тұман күтіледі. Жолдарда көктайғақ.

Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.

Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.